Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жұмыстан шеттетіліп, қысым көріп жатырмыз”: Костенко шахтасындағы заң бұзушылықтарды айтқан құтқарушылар наразылық білдірді

Костенко атындағы шахтадағы апатты жоюға қатысып, болып жатқан кемшіліктерді ашық айтқан құтқарушылар жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құтқарушылардың айтуынша, болып жатқан заң бұзушылықтарды айтқаны үшін мамандарға қысым көрсетілген. Олар мәселелерін айтып, наразылық білдірді.

"Қазақстанның, Қарағандының барлық тұрғындарына жүгінемін. Кеше болған оқиға туралы сұхбат берген болатынбыз. Барлығына түсінікті болу үшін Қазір Костенкодағы апатты жою жалғасуда. Біздің басты мақсатымыз халықұа шындықты жеткізу еді. Бірақ басшылық қазіргі таңда бізге қысым көрсетіп жатыр. Қазір демалып жатқан ұжым мүшелері бізді қолдау үшін осында келіп отыр”, – дейді құтқарушылардың бірі. 

Олар тек шындық үшін күресетінін мәлімдеді.

"Сонымен қатар халық бізді естігенін қалаймыз. Біз тек шындық үшін күресеміз. Менің әріптестерім дұрыс шешім қабылдап, барлығын видеоға түсіріп, желіге жариялады. Мені де видеоға түсіріңіздерші. Қорғаушы қызметінен алып тастаса да мейлі. Барлығымызды түсірсеңіздер болады. Біз шындық үшін күресеміз. Біздің басшылығымыз дұрыс емес. Құтқарушыларды, кәсіподақ мүшелерін де кіргізбей отыр мекемеге. Сонымен қатар бізді жасаған әрекетіміз үшін түсініктеме жазуға мәжбүрлеп жатыр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын”, – дейді тағы бір құтқарушы. 

Олар басшылықтан қысым болып жатқанын, жұмыстан шеттетілгендерін алға тартты.

"Басшылығымыздан қысым бар. Қазір апатты жою жұмыстары жүріп жатыр. Біз әріптестерімізге көмектескіміз келеді. Өйткені бұл барлығымыздың мәселеміз. Қазір жүктің барлығы әріптестерімізге түсіп отыр. Көп адамды жұмыстан шеттетті. Жұмысты барлығына бөлу қажет”, – дейді олар.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, қазір шахтадағы апатты жою бойынша мамандар тапшы.

"Бізде онсыз да адам жетпейді. Жас мамандарды болмашы жағдайларға жіберіп жатыр. Шахтадағы апаттың салдарын жоюға өте аз күш тартылған”, – дейді құтқарушылар. 

Апатты жою бойынша қызметкерлердің шеттетілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" Республикалық орталық штабының баспасөз қызметі құтқарушыларының штатында қысқартулар болмағанын хабарлады. Қысқартулар туралы таралған мәліметтердің барлығы шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Костенко шахтасында апаттық-құтқару жұмыстары аяқталып жатқанын айтқамыз келеді. Түскі сағат екіден Қарағанды ​​бөлімшесінің Шахты отряды казармалық позициясынан шығарылды. Қазір шахтадағы жұмыс бір жасақтың көмегімен жалғасуда, бір бөлім учаскедегі газ жағдайын бақылауға жұмылдырылды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін құтқарушылар шахтада болып жатқан заң бұзушылықтар туралы ашық айтқан болатын.

Талқылау