Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз қазақстандықтар келер жылы медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет есебінен қол жеткізе алады

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыссыздар мен төмен табысты қазақстандықтар жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қол жеткізе алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде шамамен 16,8 миллион адам сақтандырылған, оның 12,3 миллионы жеңілдік санатында екенін айтты.

Сонымен бірге 3,6 миллион адам жүйеден тыс қалып отыр екен. Олар:

2,5 миллионы – тұрмысы қалыпты және қанағаттанарлық деңгейдегі азаматтар;

1,1 миллионы – әлеуметтік тұрмысы дағдарыс (Д) және шұғыл (Е) деңгейіндегі азаматтар. Бұл санатқа жұмыссыз, табысы төмен, міндетті зейнетақы жарналары үш ай бойы төленбеген, отбасының күнделікті қажеттілігін қиындықпен қамтамасыз ететін адамдар кіреді.


МӘМС бойынша қарыздары бар қазақстандықтарға несие беруге тыйым қойылмақ


Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады


“Қабылданған заңға сәйкес, дағдарыс және шұғыл деңгейдегі азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыр жарналары жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктелген. Жарналар азамат медициналық көмекке жүгінген кезде төленеді. Бұл қажет медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осы шаралардың арқасында 2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосымша шамамен 1 миллион адам қамтылады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Медициналық көмек алу үшін азаматтар өз тұратын жеріндегі емханаға тіркелуі қажет.

Азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін тексере алады. Ол үшін: 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты – msqory.kz;

Telegram-бот арқылы – SaqtandyryBot;

Мобильді қосымшаларда – Qoldau 24/7, Damumed, банктердің қосымшаларына кіруі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Жұмысынан айырылған қазақстандықтар МӘМС бойынша алты ай бойы медициналық көмек ала алатынын жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Желтоқсан, 2025 13:11