AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмысшылар жұмыссыз қалады": Жамбыл облысында кәсіпкерлер металл экспортына қойылған шектеуге қарсылықтарын білдірді

Түрлі-түсті металл мен қара темірді шет елге шығаруға шектеу қойылады дегенді естіген Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер қарсылықтарын білдірді. Темір-терсек теріп, кесіп, тиеп жан баққан ел металл қалдықтарын экспорттау тоқтатылса, мүлде табыссыз қалып, банкрот боламыз деп уайымдап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

темір

Сөздерінше, шенеуніктер "мемлекеттен онсыз да қыруар қаржы алып отырған ірі кәсіпорындарға қосымша қолдау көрсетеміз" деп шағын кәсіп иелерін біржолата құрдымға жібермек. Ал шектеу енгізген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мұндай қадамға барғаннан басқа амалы қалмапты. 

Шоқан Тұрғанов металл қалдықтарын қабылдап, сұрыптап Ресей, Өзбекстан, Пәкістанға экспорттап келген. Қол астында 50-ге жуық жұмысшысы бар. Айтуынша, салықтан жалтарған немесе қызметкерлерінің жалақысын кешіктерген кезі жоқ. Қазір әр жұмысшы кемі 250, ал көбі 350 мың теңге көлемінде айлық алады екен. 

Бірақ мұның бәрі бір-ақ сәтте көрген түстей өте шығуы мүмкін дейді кәсіпкер. Себебі министрлік темір-терсекті шетелге шығаруға шектеу қоя бастаған. Оны отандық өнеркәсіпті қолдау деп түсіндіріпті. Яғни зауыттарда шикізат жоқ екен. Ал кәсіпкердің темірді отандық компанияларға өткізгісі келмейді. Өйткені бағасы арзан, ал жеткізу қымбат. 

"Мысалы Қарағандыға көмір болсын, цемент болсын, басқа бір бұйымдар, ағаш бұйымдарын жіберсең, оның тарифі 300-350 мың теңгемен барады. Ал бір вагон темір 1 миллионнан асып кетеді. Тариф өте жоғары. Темірге сондай тариф қойып тастаған. Апарғанмен олар уақытылы ақшасын бермейді", – дейді кәсіпкер Шоқан Тұрғанов.

Кәсіпкер темір қалдықтарын тасымалдау соңғы екі-үш жылда қиындап кеткенін айтады. Шенеуніктер ыңғайына қарай шектеу қояды, сосын ай өтпей шектеуді қайта алып тастайды дейді. Ал мұндай жағдайлар бизнеске кері әсер етеді екен: кәсібі тұралап, жұмысшылары үйде отырып қалады. 

Министрлік өкілдері отандық зауыттарға шикізат жетпей жатқанын растады. Сондықтан темір-терсекті шетелге шығаруға уақытша шектеу қоюға тура келіпті. Айтуларынша, жақында министрлік пен шикізат өндіретін кәсіпорын және металлургиялық компаниялардың арасында үш жақты ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. Соған сәйкес темір-терсектің көлемі, сапасы, жеткізілген тауар ақысының уақытылы төленуі, бәрі-бәрі қамтылған екен.

"Біз темір-терсек қабылдайтын бекеттер жабылмайды деп ойлаймыз. Себебі елімізде металл қалдықтарын алатын кәсіпкерлер көп. Сондай-ақ министрлік нормативті-құқықтық актіні қабылдар кезде кез келген транспортпен түрлі түсті металды және елімізде өңдеуге келмейтін қоспасы бар болатты жөнелтуге қатысты мәселеге баса назар аударады", – деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басқарма басшысы Жанат Игісінов.

Кәсіпкерлер отандық өнеркәсіпті қолдауға қарсы емеспіз дейді. Бірақ билік өкілдері де кішігірім бизнесмендердің пікірімен санасса деп тілейді. Бұл үшін алдымен шектеуді алып тастау қажет. Болмаса алпауыт компаниялар тасымалдау құнын арзандатып, темір бағасын көтеріп берсін деп талап қойды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр