Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысшылар жаппай Маңғыстау облысының әкімдігінің алдында жиналды

Маңғыстауда облыстық әкімдіктің ғимаратының алдына коммуналдық қызметтер мен көгалдандыру жұмысшыларының жаппай жиналған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

14 тамыз, жұма күні ондаған адам жалақыларын төлеуді талап етіп, әкімдіктің алдында жиналды. Алдын ала мәліметтер бойынша, коммуналдық қызмет көрсетуші жұмысшыларға шілде айына жалақыларын кешіктірген. Қатысушылар ақшаны алғанша жұмысқа барудан бас тартатындықтарын мәлімдеді.

Кейін бұл жағдайға "Қала жолдары" ЖШС өкілдері түсініктеме берді. Коммуналдық серіктестіктің баспасөз қызметі қызметкерлердің жалақыларын алғанын айтты.

Компания жұмысшылардың қайтадан жұмысқа кіріскенін атап өтті.

"Ақтау қаласы әкімдігінің көмегімен "Қала Жолдары" ЖШС мен "Атамекен" ҚБ қызметкерлеріне жалақыны кешіктіру мәселесі оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта жұмысшылар жұмысқа кірісті", - деді баспасөз қызметі.

Осы жылдың мамыр айында "Қала Жолдары" серіктестігінің жұмысшылары жаңа басшының іс-әрекеттеріне наразылық білдіріп, оны "Гитлермен" салыстырды. Адамдардың айтуынша, олар көгалдандыруға, суландыру траншеяларын қазуға, қарды тазартуға және басқа да коммуналдық жұмыстарды өз міндеттеріне кіргізбеуге мәжбүр. Содан кейін "Қала Жолдары" ЖШС басшылығы тазалаушылардың барлық айыптауларын жоққа шығарды.
 

Талқылау