Жұмысқа орналастыруға уәде берген: ҚТЖ қызметкері қазақстандықтардың 8 млн теңгесін алдап алды
ҚТЖ филиалдарының бірінің бұрынғы қызметкері алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көлік полицейлері ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалының "Жамбыл локомотив пайдалану депосының" бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді, ол сенімге қиянат жасап, алдау жолымен 7 азаматтан ақша қаражатын иемденді, - деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
2018 жылдан 2020 жылға дейін күдікті алдау және азаматтардың сеніміне қиянат жасау арқылы оны электровоз машинисінің көмекшісі етіп жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, делдалының көмегімен әрқайсысынан 800 мыңнан 1 200 000 теңгеге дейінгі мөлшерде ақшаны иемденгені анықталды.
Алынған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 8 млн теңгені құрады.
"Тараз қаласының №2 сотының үкімімен ұсталған азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылды, "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды.
Сонымен қатар, осы қылмыстың делдалы болған электровоз машинисінің бұрынғы көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
