Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмысқа орналасты": Вайнер Мейіржан Төребаев жазасын қай өңірде өтеп жүргені белгілі болды

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын еліміздің қай өңірінде өтеп жатқаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meirzhach_tv/

Қос айыпталушы жазаларын Павлодар облысында өтеп жатыр. 

Мейіржан Төребаев "№44 мекеме" РММ-де жазасын өтеп жүр. 13 наурыздан бастап ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналасқан. 

Мейірхан Шерниязов та "№44 мекемеде" жазасын өтеп жатыр, 13 наурыздан бастап ІІМ ҚАЖК ведомстволық қызметінде "Еңбек-Павлодар" РММ-де жұмысқа орналасқан.

“Павлодар облысы бойынша ҚАЖД "Еңбек-Павлодар" РММ сотталғандарды жұмыспен қамтумен және тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады", – делінген ведомство хабарламасында. 



Еске салайық, Мейіржан Төребаевқа "Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті" деген айып тағылған еді. 

Сондай-ақ, 2023 жылдың 23 маусымында Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша танымал вайнерлерге үкім шығарған болатын. Айыпталушы тарапта барлығы 12 адам болған.

Бұған дейін, прокурор Ерлан Құранбаев вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 05 Сәуір, 2024 11:59
Талқылау