AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеңіске сену керек": Оралдық азамат "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан су жаңа Toyota Camry көлігін ұтып алды

16 сәуірде “Сәтті Жұлдыздың” "LOTO 6/49" лотереясы бойынша Toyota Camry 75 автокөлігінің көптен күткен ұтысы өткізілді. Су жаңа темір тұлпар 43 жастағы оралдық азаматқа бұйырды. Сәттілік серігі болған жеңімпаздың оқиғасы жайлы материалымыздан оқи аласыздар. 

Орал тұрғыны Заузағали Еркебатыров қалада құрылысшы болып қызмет атқарады. Өмір бойы пәтер жалдап тұрып келген ер азамат лотереядан үлкен жүлдеге кенелетініне сенгенін айтады. Сондықтан ол жұмысынан бөлек, бос уақытында лотерея ұтысынан бақ сынамаққа бел буады. 

“Орал қаласынан алшақ орналасқан Қаратөбе ауданында кішкентай ғана ауылда тұрамын. Вахта әдісімен 28 күн жұмыс істеп, 28 күн демалып құрылыс саласында жұмыс істеймін. Кейде демалған күндері лотереяға қатысып тұрамын. Ең алғаш қалада әмбебап дүкенге барған кезде көріп қалып, қызықтым. Бастапқыда “KENO 2” мен “Telebingo-ға”, кейіннен “LOTO 6/49” деген лотереяға қатысуды ұйғардым.", – дейді ол. 

Айтуынша, оның осы бір лотереяны ермек еткеніне екі жылдың жүзі болған. Аптасына екі рет өткізілетін лотереяға бір айда төрт рет қатысқан кездері де болыпты. Көлік ұтпай тұрып, Заузағали бірнеше рет ақшалай жүлде иеленіпті. 

"Бұған дейін айтқанымдай алғашында “KENO 2” және “Telebingo” лотереяларына қатысып,  15 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақшалай ұтыстарға кенелдім. Автокөлік – менің ең алғашқы көлемді жүлдем", – дейді лотерея жеңімпазы. 

Ай оңынан туып, лотереяда жеңіске жеткен азамат 

"Жұмысқа барар жолда, шамамен 3600 теңге көлемінде бірнеше билет сатып алған болатынмын. Ойымда ештеңе жоқ, әдеттегідей күн. Билеттерді қарап, ештеңе ұтпағанымды көрдім. Бұл билеттерді сөмкеге салып, ұмытып кеткен екенмін. Бірақ сөйтсем, осы бір билеттердің арқасында бағым жаныпты. Наурыз айындағы сатып алынған билеттердің арқасында Toyota Camry 75 көлігіне ие болыппын. Мұншалықты үлкен көлемдегі жүлдеге үйренбеген соң, сабыр сақтауға тырыстым. Билет қолымда, ұтысымды аман-есен алып, қажетіме жаратамын деп жоспарлап отырмын", – дейді Заузағали. 

Заузағали лотереяда ұтамын деп ойламаған. Себебі бұған дейін сатып алған билеттерін әрдайым тексеріп те отыратын. Өзіне хабарласқан ұйым қызметкерлерінің сөзіне бастапқыда сенбей күмәнданған екен.

"Алғашында сенген жоқпын. Ең алдымен, маған Whatsapp-қа: "Сіз лотереяда ұттыңыз, сізбен байланысқа шыға алмай жатырмыз" деген хабарлама келді. Мен, мүмкін алаяқтар болар деп,  “Сәтті Жұлдызға” қоңырау шалып, хабар бердім. Олар бәрін анықтап, маған ақпараттың рас екенін жеткізді.

“LOTO 6/49” лотереясының ұтысына Заузағали үй алмақ ниетте.

"Үйім жоқ бола тұра көлікті қайтпекпін. Ағаммен ақылдаса келе тіпті болмаса көлікті сатудың жағдайын қарастырамыз. Ұтқан ұтысыма басыма баспана алуға тырысамын", – дейді ол.

Кейіпкеріміз лотереяға қатысушылардың барлығына сәттілік тілейді. Алайда есте сақтау қажет дүниелер барын айтады. "Шешінген судан тайынбас” демекші, пәтер жалдап күн көріп жүрген мына мен үшін лотереяға қатыспасқа амал болмады. Жолдасымның ауырып жүргеніне байланысты да еміне қаражат қажет. Өз-өзіме, жеңіске сеніп, мақсатты түрде осы лотереяға қатыстым. Қатысатын болсаңыз, сәттілікке сеніп, тәуекел ете білу керек. Сонда барлығы орындалады", – деп түйіндеді ұтыс иесі.

Одан бөлек, "5/36" лотереясында Қаскелең қаласының тұрғыны 47 200 000 теңгені құраған Джекпот иесі атанды. Әзірге, сәттілік серік болған қатысушының компания өкілдеріне хабарласпағандығына байланысты  ұтыс иесі кім екені нақты анықталмай отыр. 

Айта кетейік, "Сәтті Жұлдыз" TeleBingo лотереясы бойынша жаңа науқан басталғанын жариялайды. Шарт бойынша қатысушы TeleBingo билеттерінің бір немесе одан да көп пакет билеттерін сатып алу керек. Науқан 17 сәуір мен 1 мамыр аралығында жалғасады. Әрбір лотерея қатысушысы Redmi Note смартфоны ұтысында бақ сынай алады. Ал 8 мамырда пәтер ұтысы өткізеді. Толығырақ науқан жайлы "Сәтті Жұлдыз" сайтынан оқуға болады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр