"Жұмыс істеуге мұрсат беріңіздер": Ісі шулы қостанайлық бойжеткеннің оқиғасына байланысты ПД басшысы жауап берді

Қостанайда 22 жастағы Лаура Сүндет істі жүргізіп жатқан тергеушіге наразы екендігін жеткізген болатын. Өз кезегінде қостанайлық полицейлер бойжеткеннің "тәртіп сақшылары қол қусырып қарап отыр" деген сөзіне жауап берді. Ал аймақтың ПД басшысы болса қоғам белсенділері жұмыс істеуге кедергі келтіріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңлықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

қыз

Қостанай облысының ПД басшысы Бекет Аймағамбетов пен жәбірленуші Лаура Сүндет

Лаура Сүндет есімді бойжеткен сауық кешінде бейтаныс ер азаматтың ұрып-соққанын айтқан болатын. Сөзінше, жыныстық қатынасқа түсуге тартпақшы болған жігіт оның қарсы жауабын естіген соң бойжеткенді бетінен ұрып жіберген. Лаура тергеуді жүргізіп жатқан тергеуші Айсұлу Байсұлтанова оқиғаның мастықтың себебінен орын алды деп көрсет деп мәжбүрледі деп айыптады. Айтуынша, ол бейтаныс ер адаммен бірігіп ішімдік ішпепті. Десек те тергеуші Лаураның мас болғанын айтып, заң аясында қызмет жасадым деп ақталады. Тергеушінің бұл сөзіне бойжеткен де, оның адвокаты да жауап беруден бас тартыпты. 

"Шу шығарып жіберген өздеріңіз. Бізді Алматыдан басқарады емес пе. Тиісті шаралар қолданылып, қылмыстық іс қозғалды. Бізге жұмыс істеуге мұрсат беріңіздер", - деді Қостанай облысының ПД басшысы Бекет Аймағамбетов. 

Бұл туралы "Немолчи.kz" қоғамдық қорының өкілдері пікір білдірді.

"Егер ол қыздың құқығы расымен тапталып, істің жүргізілуі дұрыс орындалмай жатса, ол бізден, БАҚ-тан көмек сұрамайтын еді ғой. Құқық қорғау органдары өздері алдымен адамның құқығына әділдікпен қарауы керек", - дейді  "Немолчи.kz" қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр