Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс істеп жүріп 42500 теңгеге жалған өтініш бергендер жазаланады

42500 теңге алу үшін жалған өтініш берген азаматтар жазаланатын болады. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекторы, Нұр-Сұлтан қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапаны бақылау басқармасы еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы Ерлан Бердалин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бердалиннің айтуынша, қалада әлеуметтік төлемдерді есептеуге байланысты барлық мәселелерді шешу үшін жедел штаб құрылды, оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері кірді.

"Әрине, штаб қызметкерлері заңсыз әлеуметтік төлемдерді болдырмауға тырысады. Егер мұндай сәттер орын алса, штаб бұл мәселені қарау бойынша әр іске қатысты тиісті шешім қабылдайды", - деді Бердалин.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы төлеу ережесін жариялады. Сонымен қатар, кейбір жеке кәсіпкерлердің не себепті 42500 теңге алуға берге өтініштері кері қайтарылып жатқаны белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр