Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс істеңдер": Назарбаев "бер, бер" дей беретіндерге кеңес айтты

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттен көмек сұрай беретін азаматтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Назарбаев

«Бастапқы кезде қиын болғаны әлі күнге дейін есімде. Жұмыс та, жалақы да жоқ, дүкен сөрелері бос тұратын еді. Сол кезде бәрі «Бер, бер» деп айтатын. Мемлекетте ақша болмаса, оны қайдан береміз? Бірақ әзірдің өзінде сол 30 жыл бұрынғы ұрандар көтеріліп жүр. «Балаларым көп, маған бер, жалақым аз тағы бер» дейді. Бас кезінде нені ойладың? Бұл сенің проблемаң. Сен мемлекетпен ақылдасқан жоқсың», - деді Назарбаев Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысы кезінде. 

Тұңғыш президенттің айтуынша, мемлекеттің көмектескеніне қарамастан, мұқтаж адамдар қайтадан «Бір, бер» деп сұрай береді. Осы орайда Елбасы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. 

«Мысалы, бір миллион оралманды шақырып алып келдік. Бір де бір мемлекет бұлай жасамады. Ал біз алып келіп, «Жұмыс істеңдер, балаларың өссін, өнсін десек, олар «манағ беріңдер» дейді. Жұмыс істеңдер. Мемлекеттің қаражатын ел, халық жинайды. Егер халық жұмыс істемесе, мемлекеттің ақшасы болмайды. Қаржы болмаса, біз не береміз?» - деді Назарбаев. 


Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев жайлы қызықты 12 дерек

Талқылау