Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіз кен орнының жұмысшысы мүгедек болып қалғанын дәлелдей алмай әлек

Теңіз кен орнының жұмысшысы мүгедек болып қалғанын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Теңіз кен орнының жұмысшысы мүгедек екенін дәлелдей алмағанын айтып ашындыТеңіз кен орнындағы "СиСи и Пи" компаниясында тағы бір еңбек дауы ушықты. Компанияның Ерсін Сағынғалиев есімді экс-жұмысшысы құрылыстан құлап, мүгедек боп қалғанымды дәлелдей алмай жүрмін деп шағым айтқан. Еңбек инспекциясы 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсі деп акт шығарғанымен, компания сот арқылы өзін ақтап алыпты.

Тепсе темір үзетін 34 жастағы азаматтың айтуынша, өткен жылы күзде теңіз кен орнындағы зауыт құрлысында арматурашы болып жұмыс жасап жүріп құлап, аяғын сындырыпты. Нәтижесінде компания тарапынан ешқандай көмек болмай, сот жұмысшының өзін айыптаған.

"Апалкі дұрыс жасалмаған. Қаңқасын тұрғызып, ағашын сымға байлап кеткен. Мен оны білген жоқпын. Шынымен де қауіпсіздік сақталмағаны көрініп тұр. Бізді жасаңдар деп мәжбүрлейді. Апалкіге тіземді қойып, сипап жатқан кезде, ағаш сынып кеткен", - дейді  Ерсін Сағынғалиев.

Ерсінге тобықтан жоғары гипс салынып, ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. 4-күні аяғына ота жасалып, жұмысшыны үйіне жіберген. Ал сот болса, компанияны кінәлі емес деп шығарған. Бұл шешімге келіспеген зардап шегуші мен оның қорғаушысы апелляцияға берді.

"Сот шешімімен келіспейміз. Енбек инспекциясының актінде жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі деп танылды", - дейді заңгер Айбол Тайғарин.

Ал компания өкілдері Ерсін Сағынғалиевке 160 мың көлемінде ақша бергендерін айтады. Олар еңбек инспециясы кінәлі деп танығанымен, сот бұл құжаттың күшін жойды деп отыр.

"Компанияның кінәсі жоқ. Еңбек қорғау инспекциясы компанияны кінәлі деп таныды. Бірақ акт сот арқылы заңсыз деп танылды. Компания оған 160 мың теңге беріп, көмек көрсетті", - дейді компания өкілі Серік Үмбетқалиев. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Шілде, 2019 09:09
Талқылау