Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс беруші қызметкерлеріне 42500 теңгеге өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?

Жұмыс беруші өз қызметкерлеріне 42500 теңге жәрдемақысын алуға өтініш беруден бас тартса не істеу керек? Бұл сұраққа ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

"Карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы", - делінген министрлік жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары тамыз айына дейін созылса, 42500 теңге төленуі жайлы ақпарат пайда болған еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2020 21:48
Талқылау