AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс ауыр, жалақы төмен": Алматыда "Алматыгаз" қызметкерлері бас көтерді

"Алматыгаз" абоненттік есептеу орталығының 100-ге жуық маманы айлықты көтеруді талап етіп, наразалылық білдірді. Қала ішіндегі үйлерге көгілдір отынды қосып, ақау шыққан газ құбырын жөндейтін слесарь мен техниктер 90 мың теңге жалақы ай сайын азық-түліктен артылмайды деп қынжылды. Оған қоса жұмысшылар жол шығыны мен құрал-сайманды сатып алу үшін де өз қалталарынан қаражат шығарады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

жұмысшылар

"Жалақыға жарымадық" деген "Алматыгаз" мекемесінің 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерді. 90 мың теңге айлықты шайлығына жеткізе алмай қиналған слесарь мен техниктер “Еңбегіміз лайықты бағаланбайды” деп базынасын жеткізді.

“Бізге төрт ай болды. Осылай жиналамыз. Қоя тұрыңдар, тағы бір ай уақыт беріңдер дейді. Біз бір ай уақыт күтіп шаршадық. Айлығымыз несиемізге жетпейді. Тамақ, бала-шаға бар. Қосымша төлемдер бар. Жағдайымыз жетпей жатыр. Жолымызға төлемейді. Жеке көлік бермейді. Өзіміздің көлікпен ақша құйып барамыз үйлерге”, – деді слесарь Еламан Жанәбіл.

Жұмысшылар таңнан кешке дейін Алматыдағы үйлерді аралап, газ құбырын жөндейді, тексереді, ақау шықса қалпына келтіреді. Оған қоса сан түрлі құжат толтыру міндеті де осы слесарь мен техниктердің мойнына жүктелген. Қағазбастылықтан шаршаған жұмысшылар жол шығынынан бөлек қажетті құрал-сайманды да өз қаражатымызға сатып аламыз деп ашынады. 

“Жұмыс орындауға барған үйдің қожайынынан маған кілт керек еді деп тұрмаймын ғой. Күнделікті жұмысымды орындау үшін қажетті кілттерді жинап алдым. Сапасына да, ештеңесіне де қарамай, қолым жеткен ақшаға сатып алдым, бірақ ол қауіпті. Мен үшін де қауіпті. Мен үйіне барып қызмет көрсеткен үйдің мүлкіне де қауіпті. Өміріне де қауіпті”, – деп қосты слесарь Медербек Жасыбаев. 

“Ивентаризация дейді. Қағазбастылықты біздің жұмысшыларға артып қойған. Ол жұмыс жасай ма, әлде қағаз толтыра ма? Қағазбастылықтан құтылу керек деп айтылды. Бізде барлығы керісінше”, – деді слесарь Әрсен Шәлімбетов. 

Үйлеріне көгілдір отын тартқан тұрғындарға қызмет көрсететін мамандар тоз-тозы шыққан ғимаратта отырады. Жұмыс істеуге мүлдем жағдай жасалмаған деп шулаған жұмысшылардың ортасынан осы мекемені басқаратын "Qazaq Billing" серіктестігінің директоры табылды. Елордадан ат арылтып келдім деген жекеменшік компанияның басшысы жалақы мәселесін екі аптада шешеміз деп ант-су ішіп, уәде берді.

“Күн тәртібіне еңбекақыны көтеру, жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасау мәселесін қойдық. Менің ойымша, 15 күнде нақты шешімдер қабылдай бастаймыз. Барлығы рет-ретімен болады. Бюджет негізі бөлінген. Бірақ қаржыны қайта бөлу керек болса, оны да қарастырамыз”, – деп мәлімдеді "Qazaq Billing" компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Махров. 

Төрт айдан бері талабымыз орындалмады деген жұмысшылар түйіткілдің түйіні 15 күнде тарқайды дегенге сенбейді. Газ мамандары уәде етілген мерзімде маңдай тер ақымыз көтерілмесе аштық жариялап, наразылық шарасын жалғастырамыз деп тарқасты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр