"Жұлдызға қашан бересің?!": Қайрат Нұртас әнші Назимаға гүл сыйлаймын деп халықтан сөз естіді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хитмен Қайрат Нұртас жеке парақшасында әнші Назимаға бір құшақ гүл ұсынып жатқан сәтін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері бірге клип түсіріп жатқан көрінеді. Алғашында жұрт ол қызды Жұлдызға ұқсатты. Бірақ әнші Назиманы көргенде қуаныштары су сепкендей басылды.
“Жұлдызға ұқсатқандар біргеміз”, “Неге шулайсыңдар, жай ғана клип емес пе?!”, “Бала-шағасымен бірге болудың орнына, жас қызбен жүр”, “Осындай іс-әрекеттеріне көніп жүрген Жұлдыз мықты екен”, “40 жастағы адамның қылығы осындай бола ма?!”, “Ана жақта әйелі бесінші баласын босанып жатыр. Бұл шешесі екеуі ақшаның соңында жүр”, “Осы гүлді Жұлдызға қашан бересің?!” – деп жазды көпшілік.
-
"Кіндік бауы екі рет оралған": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босану кезіндегі қиындықты бөлісті
Айта кетейік, өнер иелері Жұлдыз бен Қайрат бесінші рет ата-ана атанған еді. Алайда гендер патиге баланың әкесі Қайрат қатыспай қалғанын айтқан еді.
“Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты. Байқадым…", – деді өнер иесі.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
