Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыздың босанғаны құт болды": Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні де жүкті екенін байқады

Гүлзира продюсер Фото. Stan.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні жүкті екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұлдызды отбасының екінші келіні Әйгерім Сәркенова видео жариялады. Алайда оқырмандар оның жүкті екенін жарыса жазды. 

“Жұлдыз туған сәбидің несібесі мол екен. Артынан тағы бауырлар дүниеге келейін деп тұр", "Жүкті екен", "Аяғының ауыр екенін пікірлерді оқып білдім", "Ең сұлу ана", "Жүкте екенін ерте байқағанмын. Токсикоз болғаны көрініп тұр", "Айгерім, үшінші сәбилеріңізді күтіп жүрсіздер ме?", “Жұлдыздың босанғаны құт болды”, – деп жазды көпшілік. 



Еске салайық, продюсер екінші ұлы Аянның келіншегін ерекше жақсы көретінін жасырмайтын еді. 

“Біздің шаңырағымызға нұрын шашқан күн болып кірдің. Бүкіл отбасымыз, бүкіл ағайын сені осы қалпыңда қатты құрметтейтінін, жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Үлкен әулетті отбасы болып, ата-ана разылығын алып, өмірлік жарыңның мәңгілік махаббатына бөленіп, ұл-қызыңның бақытына амандығыңмен қуантып, 100 жасқа жет!", – деп жазды әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 10:36
Талқылау