"Жұлдызды менсінбейді": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтады
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келіні Әйгерімді туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ұлы Аянның келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады.
"Туған күнің құтты болсын, жаным! Алла бақ берсін! Біздің шаңырағымызға нұрын шашқан күн болып кірдің. Бүкіл отбасымыз, бүкіл ағайын сені осы қалпыңда қатты құрметтейтінін, жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Үлкен әулетті отбасы болып, ата-ана разылығын алып, өмірлік жарыңның мәңгілік махаббатына бөленіп, ұл-қызыңның бақытына амандығыңмен қуантып, 100 жасқа жет!", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, келіндерін салыстырып жатыр.
“Жұлдызды неге осылай құттықтамайды”, “Абысындар тату емес, бұл келін бесінші рет ана атанған Жұлдызды құттықтаған жоқ”, “Келіні қолында тұрған жоқ, сол үшін де қадірлі”, “Жұлдыз бірге тұрып, беті ашылып, қадірсіз адамға айналды”, “Немерелерінің шешесін қалай жек көруге болады”, – деп жазды көпшілік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
