"Жұлдыздан бөлек тұрады": Қайрат Нұртастың жеке пәтері жұрт назарына ілікті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хитмен Қайрат Нұртастың жеке пәтерінің бар екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео авторы пәтерге перделер іліп жатқанын көрсетті.
Желі қолданущылары әншінің отбасынан бөлек тұр тұратынын жарыса жазды.
“Жұлдыздан бөлек тұрады”, “Астанада тек бала-шағасына барып тұрады”, “Әйелі өзінің үйіне жөндеу жұмыстарын жасап жатыр”, “Екеуі екі жақта жүр”, “Қайрат Алматыдағы жеке пәтерінде екінші әйелімен тұрады”, “Олар 4-5 жыл бұрын ажырасып кеткен”, “Керемет үй екен, жұғысты болсын”, “Қайраттың шешесінен бөлек тұратынына қуандым”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, былтыр Жұлдыз Әбдікәрімова құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған еді. Жұлдыз Әбдікәрімова келісімге келуге дайын екенін білдірсе де, құрылыс компаниясы оның үйдің барлық құнын төлемегенін алға тартқан.
“Үйге толық төлем жасалмаған” деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын 2 жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сомма өтелген. Үйге толық төлем жасалғаны туралы, үйіме қоса паркингімді сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегені жайында келісімшарттармен түбіртектер бар”, – деген еді Жұлдыз Әбдікәрімова.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
