Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдызбен ажырастырған сен" дейді": Қайрат Нұртастың экс-директоры не себепті жұмысты тоқтатқанын түсіндірді

Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс істеген арт-директор Мира Келімбетова продакшннан не үшін кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Мегажұлдызбен 16 жыл бұрын жұмыс істей бастағанын YouTube желісінде Асмира Ермекқызына айтып берді.  

“Жеке өмірімде бір жағдай болды, мен оны айта алмаймын. Қазір сол жағдайға рақмет деймін, өйткені мені оятқан сол. Өмірімде сондай жағдай болып жатқан соң Қайратпен жұмысты тоқтатамын деген шешім шығарып, өзім кеттім. Ол жерде ақшаның еш қатысы жоқ. Өзімді танығым келді, өзіммен айналысқым келді”. – дейді экс-директор. 



Одан кейін әншінің тыңдармандары отбасының ортасына түсті деп директорын кінәлаған көрінеді. 

“Жұрт неше түрліні ойлап табады. Маған "Заңғар мен Жібекті ажырастырған сіз екенсіз", "Қайрат пен Жұлдызды сіз ажырастырыпсыз" деп жазған. Мен біреу мен біреуді ажырастыратын құдай емеспін. Әлі күнге дейін Айдарбековтер әулетімен қарым-қатынасымыз дұрыс. Қайрат маған "Хәлің қалай? Бәрі дұрыс па?" деп жазып тұрады. Бауыр сияқты болып кеткенбіз. Мен оған дос ретінде, замандас ретінде әрдайым тілекшімін”, – деді Мира Келімбетова. 

Еске салайық, Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин мен Қайрат Нұртасты салыстырған еді. 

Талқылау