Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыз таңдамай ма?!": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайраттың үйіне жиһаз қарап, көпшілікке ұнамай қалды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайраттың үйіне жиһаз таңдап, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ұлы Қайрат Нұртастың су жаңа пәтерін көрсетті. 

“Қайрат баламның жап-жаңа үйіне кілемдерін алдым. Қайрат екі қалада да тұрады, жұмысы солай, керек па шет елде де үйі бар. Қайрат ер азаматы тұрғанда, Қайраттың үйі деп аталатын шығар. Әлде Астанадағы үйге сіз ақша құйып па едіңіз?! Табыс – Қайраттікі, ұқсату – әйелінікі. Менде бөлек адам емеспін дайындап берсем, өз ұрпағым”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары Қайраттың әйелі Жұлдызды іздеп жатыр. 

“Қайраттың үйі болса, кілемді Қайраттың әйелі Жұлдыз таңдамайды ма? Оларға сіздің талғамыңыз ұнай ма? Өз талғамдары бар шығар?”, Әр әйел осындай баршылықта бақытты болсын”, “Құтты болсын! Керемет шаңырақ екен”, “Жұлдыз бен Гүлзираның талғамы бірдей деп айта алмаймын”, – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 16:27
Талқылау