Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғалидің анасы қызықты оқиғасын айтып елді күлдірді

Жұлдыз Өмірғалидің анасы Ақмарал Малдыбаева қызықты оқиғасын айтты. Көпшілік анасы мен қызының ұқсастығын айтып таңғалды. 

“Одыраңдап аялдамада автобусты қараймын деп оңқа-шоңқамнан құлап түстім. Екі жас бала қолымнан тартып әрең тұрғызды, сөмкем бір жақта, өзім бір жақта,Ұят ай! Түйедей болып құлап жатқан бір түрлі екен. Енді бір тізем солқылдап жатыр. 🙄

2010 жылы сентябрьдің 3-ші, сменде тұрмын. Сосын қасымдағы орыс апайларым келіп, комиссияға дайындалайық деп. Переезді бояй бастадық. Сен жассың ғой” деп мені жоғарғы жақты бояуға жіберді. Сонымен мен жорғалап сатыға шығып-түсіп, зырылдатып бояуды шатырға қойып бояп жатыр едім. Темір саты жылжып кетті де!



Мен жерге тікемнен тік түстім. Биіктігі 3 метр, төбеден құладым ғой. Көзімді ашсам тура көшедегі бомждардың беті сияқты бетім. Аяқ қан, бет қан. Көз ашылмайды. Бәрі шулап жолдан машина тоқтатып ауруханаға алып кеткен ғой. Әрең есімді жиып, жазылдым ғой. Сол күн есіме түсіп жатыр. Қодыраңдап неге құлай беремін? Негізгі жайбасармын!”, – деп жазды әншінің анасы. 

Желі қолданушылары күлкіге қарық болып, түрлі пікір жазды.

“Саламатсыз ба? Аман болыңыз! Тез жазылыңыз! Оқып бір күліп алдым. Осыдан 2 жыл бұрын сізге тіркеліп, кейіннен баска сотка алғасын сізді таппай қалдым, жақында қайта тіркелдім. Әңгімені күлдіріп жазасыз”, “Рахмет алтыным онда еліктің лағындай деп жазсам қалай кетеді?”, “Жазылып кетіңіз,  ұшықтадыңыз ба, ақ құрдасым, Аман болыңыз”, – деп жазды олар. 

Мөлдір Төлебай
Жұма, 08 Қазан, 2021 06:45
Талқылау