Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылай алмаймын: Ақтөбеде отадан соң көз жұмған баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбеде 9 жастағы Нұрәділ Қонысбаев көз жұмды. Баланың аппендэктомиядан соң жағдайы нашарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Бір нұсқа бойынша, балада аллергиялық реакция туған болуы мүмкін, деп жазады  “Диапазон”.

Анасы ұлының 15 қаңтарда іші ауыра бастағанын айтты. Ата-анасы балаы Хромтаудағы аудандық ауруханаға апарған.

“Ауруханаға келіп, екі сағат жүрдік. Дәрігерді күттік. Анализдерін күттік. Бізге хирургке бару керек екенімізді айтты. Дәрігер бізді облыстық ауруханаға жіберді”, – дейді анасы.

Хирург анасына ұлын отаға кіргізетінін айтқан. Жұмыртқа мен дәрілерге аллергиясы бар-жоғын сұраған.

“Бізге қайтыңдар деді. Осылай боларын білгенде сонда қалар ем. Оған отадан соң қарамаған секілді”, – дейді анасы.

Соңғы рет сөйлескенде ұлы өзіне система салып жатқанын айтқан.

“Таңертең ұлыма бардық. Сол кезде дәрігер хабарласты. Баламның жағдайы ауыр екенін айтты. Ал, балам ол кезде өлі болыпты”, – дейді ол.

Дәрігерлер баланың анасының телефон нөмірін іздеген, бірақ анасы байланыс нөмірін алдын ала жазып қалдырғанын айтады.

Ата-анасы келгенде баланы тіркемегенін айтып кіргізбейді, бірақ олар тыңдамастан ауруханаға кіріп кетеді.

“Олар баламыздың көз жұмғанын айтты. Не себеп екенін білмеді. Ота жақсы өтті деді. Шок болған шығар деді”, – дейді ата-анасы.

Баланы сол күні жерледі. Имам бала 13 жаста болғандықтан сол күні жерлеуді ескерткен.

Анасы баласының өліміне қатысты күмәнді нәрселер көп екенін айтты.

“Бұл бір жаман түс секілді. Айқайлай алмаймын, жылай алмаймын, ішім алай-дүлей”, – дейді анасы.

Кей болжамға сай, бала есін жиған соң 1 минуттан соң мерт болған. Бір болжамға сай, бала наркоздан есін жимай көз жұмған.

Марқұм бала отбасында қарындасына қарап жүретін. Сыныпта алғыр  болды. Марқұм бала отбасында бесінші бала еді.

Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жаскайрат Сатаев оқиғадан соң жұмысынын кетіп қалды. 30 жыл жұмыс істеген дәрігер өз еркімен кетті. Ол сол түні ауруханада болмаған.

Қазір ауруханада тексеру жүріп жатыр. Комиссия оқиғаның қалай болғанын анықтайды.

Бұған дейін баланың отадан соң көз жұмғанын жазған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау