Елімізде жыл соңына дейін ұлттық әліпбидің соңғы үлгісі қабылданады
Жыл соңына дейін қазақ әліпбиін латын графикасымен таңбалайтын жаңа ұлттық әліпбидің соңғы үлгісі қабылданады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Алматыда гуманитарлық бағыттағы институт қызметкерлері мен қоғам белсенділерінен құрылған жұмыс тобы латын қарпіне көшудің негізі мәселелерін талқылады.
«30-40 жылдары қазақтар «большевик» деген сөзді «бәлшебек» деп жазатын. Ал, 50-жылдары мынадай қиянат жасалды. Орыс тілінен енген сөздер орыс тілінде қалай жазылса, қазақ тілінде солай жазылу керек деген заңдылық қабылданды. Сол кезде бізге ц, щ,ю деген әріптер кіріп кетті», – дейді саясаттанушы Айдос Сарым.
Осылайша 42 әріптен тұратын әліпби ықшамдалып 28 дыбыстан ғана тұратын болады. Щ дыбысы секілді қолданысы аз әріптер қысқарып қалады. Ал, халықаралық терминдерді таңбалауға арналған өзге әріптер әліпби негізіне кірмей қосарлы түрде ғана қолданылатын болады дейді ғалымдар. Соған қарамастан әріп дыбыстарының ережесі, әдістемесі, буыны, морфолоигялық үлгісі толық сақталатын болады.
«Компьютер жадына кіргізу керек. Оған арнайы бағдарлама керек. Ол бағдарлама үшін ақша керек. Біз айтып жатырмыз: тілді компьютерге икемдемеу керек. Компьютерді тілге икемлеу керек. Қиындықтары бар, бірақ одан қашамыз деп тіліміздің ұлттық бейнесінен қашамыз ба?», – дейді Тіл білімі институтының бас қызметкері Әлімхан Жүнісбек.
Тағы да оқыңыз:
Әйгілі BBC арнасы Димаш туралы хабар жасауға ниет танытты
Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)
Есімін елбасының құрметіне қойған Нұрәбіназға имамдар атын ауыстыруға кеңес берген