Жыл шағаласы кім: Нұртас Адамбай 2017 жылдың қорытындысын жасады
Тауық жылы аяқталуға жақын қалды. Бұл күнде Қазақстанның әр тұрғыны өзіне есеп беріп, бір жылда шыққан биігі мен құлаған құзын саралап әлек. Ал Нұртас Адамбай тұтас ел өмірінің қорытындысын жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Танымал кинорежиссер өз нұсқасы бойынша 2017 жылды қорытындылады. Сонымен Адамбайдың пікірінше, 2017 жылғы талант – есімі әлемді шарлаған Димаш Құдайберген. Кинорежиссер жыл “текелері” деп Головкин- Альварес жекпе-жегінің төрешілерін атады. Ал жылдың жас жұлдызы “мәртебесіне” Украинадағы “Голос-Дети” байқауында жеңіске жеткен алматылық Данэлия Төлешованы лайық деп тапты.
Жылдың 3 миллиарды – ЭКСПО көрмесіне, ал жыл тұтқындауы аталымы – Бишиімбаевтың қанжығасына “байланды”. Адамбай 2017 жылы бостандыққа шыққан экс-премьер Серік Ахметовті де елеусіз қалдырмады. Ахметов жыл босатылуы аталымын “жеңіп алды”.
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев жыл жанжалы, ал шахтерлердің бас көтеруі – жыл ереуілі деп танылды. Ал өткен сенбіден бастап елдің қызу талқысына түскен Төреғали оқиғасын Адамбай “жылдың ғаламат сәтсіздігі” деп атады.
Жыл шағаласы – Ұлттық банктің, жылдың түскі асы – Байбектің 500 теңгесіне, жыл жазуы – латынға, ал жыл пәтері – Париждегі 65 миллион еуро тұратын үйдің “еншісіне” жазылды.
Адамбай жыл шапанын – Николас Кейджге, ғаламторды тоқтату бойынша жыл үздігі атағын Мұтар Әблязовке, ал жыл көшесі аталымын бұрынғы Фурманов көшесіне берді.
Жылдық “Фак ю” – бензин, жыл әні – “Зың-зың”, жыл серісі – 8 жасар қызды зорлықтан құтқарған оқушы, – деп қорытындылады сөзін Адамбай.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Тұрсын Алагөзов: Баянға үйленген соң Мейрамбекті тыңдайтын болдым
Жазира Байырбекованың әпкесімен бірге түсірген бейнебаяны тыңдарманға ұнап қалды (видео)
Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)
Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады