Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатты
Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас жасанды түсік жасатты. Олардың біреуі 15 жаста, он бірі 15-18 жас аралығында. Ал өзгесі 19-29 жастағы қыздар.
Фото: total.kz
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
“Жастар арасында түсік жасататын қыздар қатары артып келеді. Мәселен, облыс орталығында 669 жас жасанды түсік жасатқан екен. Сонымен қатар, Шалқар, Темір, Мәртөк, Мұғалжар аудандарындағы жағдай мәз емес. Жыл басынан бері барлығы мыңға жуық қыз жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 150-ге дейін өскені белгілі болды. Оның біреуі 16-ға толмаған, 11-і 15-18 жастағы жасөспірім”,- дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Мұқанов.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыста 44 жасөспірім жүкті болып қалған. Бірінің жасы 16-ға да толмаған. Ал өткен жылы барлығы 99 жасөспірімнің аяғы ауырлаған.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі де азаймай тұр. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 12, Шалқар ауданында бір жасөспірім суицидке барды. Өзіне-өзі қол жұмап, өмірден баз кешетіндердің көбі қыздар.