Жұбайына ән арнаған Ернар Айдар елді тәнті етті
Ернар Айдар өмірлік серігіне арнап ән шығарды. Әнші "Мәдина" атты туындысының тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші жаңа әнін YouTube-тағы ресми арнасында жариялады. Жұбайын көп көрсете бермейтін Ернар бұл жолы онымен бірге түскен суретін жариялады.
Хитменнің бұл әрекетіне тыңдармандары тәнті болды.
"Құтты болсын, Ереке! Жеңгеміз мәз болып қалыпты ғой", "Неге Мәдина болмадым екен?" "Керемет ән", "Маған музыкасы, фотосы ұнап қалды. Бір сөзбен керемет", – деп тамсанды тыңдармандар.
Айта кетейік, Ернар Айдар 2017 жылы Мәдина есімді өзінің тыңдарманына үйленді. Әншінің екі қызы өсіп келеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”