Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбаныш Жексенұлы: "Саясатпен айналыспаймын"

Жұбаныш Жексенұлы “100 сұхбат” бағдарламасында саясатқа мүлде қызықпайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/jubanishjeksen

Бағдарлама жүргізушісінің “Әртістер саясатқа араласуы керек пе?” деген сұраққа әнші: “Қазақта “Саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады” деген сөз бар ғой. Саясатпен – саясатшылар, музыкамен – музыканттар, құрылыспен – құрылысшылар, мал бағумен малшылар айналысқаны дұрыс деп ойлаймын. Оларды бірінің ісіне бірін араластырсаң, қиын ғой. Ал егер менің азаматтық позициямды сұрағыңыз келіп отырсаңыз, мен саясатқа қызыққан емеспін, қызықпаймын да. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан соң болып жатқан дүниелерге әркімнің өз ойы, пікірі, көзқарасы болады. Сондықтан мен саясатпен айналыспаймын деп ойлаймын. Егер саясат менімен айналысып кетпесе”, – деп жауап берді. 

Еске салайық, өнер иесі өзінің шетелдік келіні туралы айтқан болатын.

Талқылау