Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүзуші Егор Попов әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық жүзгіш Егор Попов Дохадағы әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмай, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Катар астанасы Дохада су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық жүзуші Егор Попов жартылай финалға шыға алмай, жарысты жүлдесіз аяқтады. 100 метрге арқамен жүзуде сынға түскен Егор Попов 56:59 есебімен 33-орында қалып қойды. 100 метрге арқамен жүзу сайысына барлығы 53 спортшы қатысып, оның ішінде ең үздік 16 спортшы ғана жартылай финалдық кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы мәнерлеп жүзуден тарихи жеңіске қол жеткізген еді. 

Талқылау