"Жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер": Жазира Байырбекова болашақ келінін көрсетті

Танымал жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ерболатов бейнебаян арқылы көпшілікке болашақ келінін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында өнер иелері болашақ келіні Асылыға ән арнап, оған бейнебаян түсірген еді. Енді күні кеше бейнебаян жарық көрді.
“Ал, сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Шаңырағымызға Асылы келді”, – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ әнші келініне әр арнағаны үшін өзін сынап жатқандарға жауап берді.
“Біреулер “Келініне әлдеқандай қылып ән арнағаны несі? Келініне ән арнаған енені қайдан көрдің?” деп жатыр. Қанша жыл күткен жалғыз келініме қалай ән арнамаймын?” – деді ол.
Өнер иесі әдетте адамға үйренісуі қиын екенін, бірақ бір жақындасса қатты жақсы көріп кететінін айтып, келінін құшақтады.
Айта кетейік, бұған дейін жақында жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында той болатыны хабарланған еді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды