AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүзден аса адамды алдаған: Көкшетауда екі қаржы пирамидасы анықталды

Көкшетау қаласының прокуратурасы заңға қайшы инвестициялық қызметке қатысты екі қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің саны жүзден асады, жалпы шығын көлемі 125 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

пирамида

Көкшетау қалалық полиция басқармасы қаржы пирамидасын ұйымдастырған "Выгодное жилье" және "MANSUR AUTO" тұтыну кооперативтерінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қалалық прокуратура қылмыстық істі сотқа жіберді.

"Аталған тұтыну кооперативтерінің ұйымдастырушысы жеңілдетілген және тиімді шарттармен пәтер мен автокөлік береміз деген желеумен қала тұрғындарының ақшасын иеленген. Іс бойынша Көкшетау қаласының 22 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды, оларға 84 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген", – деп хабарлады прокуратура.

"Благодарю" деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оның айыпталушылары да қамауда отыр.

"Мұнда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар WhatsApp желісінде "Благодарю" атты топ ашып, онда қала тұрғындарына салынған ақшадан жылдам сыйақы беруді ұсынған", - деп түсіндірді қалалық прокуратура.

Салдарынан 88 сенгіш азамат алаяқтық әрекеттің құрбаны болды. Оларға жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде залал келтірілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр