Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жуырда жеке бизнесін ашқан қазақстандық жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздардың тапқан табысын қайда жұмсайтындары белгілі болды. Олар әншілік пен тележүргізушіліктен, актерліктен бөлек, жеке кәсіпті қолға алуды жөн көрген екен.

новый коллаж

Диана Шарапованың музыкалық студиясы

Иесінің тәжірибесі мол болса, бизнесі де соншалықты қарқынды дамиды. Мысалы, Диана Шарапованың Di studio атты вокал студиясы бар. Мектеп артистердің квалификациясын көтеріп, музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға көмектеседі. Мұнымен қатар, келушілердің сахналық образын жасақтап береді.

2

Айдар Тұрғанбековтың шайы

“Жігіттер” тобының әншісі Айдар Тұрғанбековтың бизнесі бәрінен ерекше. Айдар брендін енді ғана таныстырса да, ол жұрт арасында кеңінен танымал. Бұған әріптестері жасап берген жарнама әсер етсе керек. Бүгінгі таңда аталған өнім Қазақстанның бірнеше қаласында сатылып жатыр.

3

Арман Қоңырбаевтың көлік жуу орталығы

Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев та өз ісін ашуды жөн көрген. Әнші көлік жуу мен детейлинг орталығын ашқан. Арман темір тұлпарларға қызмет көрсететін мамандарды да айналасына жинап үлгерген. Олар көлік жуып қана қоймай, оның сыртын да жөндей алады.

4

Айгүл Иманбаевадан маталар

Айгүл Иманбаеваның Астана қаласында жекеменшік мектебі бар екені белгілі. Әнші жуырда тағы да бір жеке кәсіпті қолға алды. Енді ол сауда-саттықпен айналыспақ. Актриса барлық матаны шетелден алдырады екен. Дүкен осы күзде ашылады деп жоспарланып отыр.

5

Гүлнәр Силбаева ұсынған пайдалы тағамдар

КВН ойыншысының пайдалы тағамдарды әзірлеп, оны тасымалдайтын орталығы бар. Бұл идеяға Гүлнәр өз тәжірибесі арқылы келген екен. Ол осындай тағамға тапсырыс беріп, артынша бағасының сапасына сай келмейтінін анықтаған. Осыған орай, қолжетімді бағамен диеталық тағамдар тасымалдайтын орталық ашуды жөн көрген. Әзірге бұл тағамдардың дәмін алматылықтар ғана татып көре алады.

6

Динара Сәтжан ұсынған Монако

Өткен жылдың қараша айында Динара Сәтжан Астана қаласында “Монако” атты қонақүй-бутик ашқан болатын. Аталған жобаны құрастыру үшін Динара қонақүй бизнесінде тәжірибесі бар сербиялық менеджер Джорджио Костиканы алдыртқан. Ол Бакуде “БуддаПэллас” қонақүйін ашқан болатын. Мұнымен қатар, тәжірибелі бас аспаз Зоран Бельковичті шақыртқан.

7

Жәния Джуринскаяның сұлулық салоны

Өткен жылы Жәния Джуринская Астана, ал биыл Алматыда сұлулық салонын ашты. Жәнияның айтуынша, ол мұны көптен бері армандап жүрген екен. Бойжеткеннің арманы өзі Астана қаласына көшіп барған соң орындалған.


Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт қолға алған жеке кәсіптері туралы ашық әңгімеледі

Жеке кәсіппен айналысатын қазақстандық жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Талқылау