Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jýsan қандай банк? Оқырмандарды банкпен таныстырамыз

Jýsan (Жусан) банктің атауын соңғы жылы жиі естіп жүрміз. Бұл атауға ие банк өткен жылдың көктемінде пайда болған еді. Сол себепті де қазақстандықтардың аталмыш қаржы мекемесі жайлы қызығушылықтарының туындауы қалыпты жағдай. Jýsan (Жусан) банк қайдан шықты? Банктің басқаларынан қандай артықшылықтары бар? Бұл туралы Stan.kz редакциясы дайындаған материалдан оқи отырыңыздар.

2019 жылдың сәуір айында акционер өзгерген соң, банктың атын, стратегиясын өзгерту туралы шешім қабылданды. Банк өкілінің айтуынша, "жусан" жәй ғана сөз емес, оның астарында терең мағына жатыр.

Банктің атау неліктен "Jýsan"?  

"Жусан - Ұлы даладағы шаңырақ пен Отанның нышаны. Біз - өзінің елі мен барша халқының гүлденуі үшін жұмыс істейтін қазақстандық банкпіз. Біз Jýsan Bank өнімін пайдалана отырып, күнделікті қажеттілігіңізді қанағаттандыруда сенімділік пен еркіндікті сезінгеніңізді қалаймыз. Мұндайда өзіңізді әрқашан үйдегідей сезініңіз", -  бұл банктің бүгінгі қолданатын негізі стратегиясы.

"Jýsan" банктің басты құндылықтары қандай?

Ауқымды өзгерістен кейін банктің құндылықтары мен мақсаттары да жаңарды. Басты құндылықтар: технологиялық, ашықтық, дербестендіру. 

  • Технологиялық - банк барлық өнімдер мен үдерістерде технологиялық тұрғыдан дамығысы келеді, бұл жолда мобильді қосымшалар мен банк бөлімшелеріндегі заманауи құрылғылар мысал.
  • Ашықтық - инновацияға, жұмысқа деген идеяларға, клиенттердің ұсыныстары мен бизнесті жүргізудегі ашықтық.
  • Дербестендіру - жаппай қамту, себебі банк үшін әрбір клиент бірегей және жеке-дара қабылданған шешімге ие болады.

Банктің жаңа басшылығы кім және жеке капиталы қанша?

Банктің жаңа тікелей акционері брокерлік компания First Heartland Securities, бұл компания Назарбаев қорына кіреді. Бүгінде Назарбаев қорына "Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі және Назабаев университеті" кіреді.

"Jýsan" банктің басқарма төрағасы - Айбек Қайып. Бұған дейін ол "Jýsan" банктің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар проблемалық активтермен жұмыс істеу бағыттарын қадағалап отырды. Қазақстан Республикасының банк саласында үлкен тәжірибеге ие, өзінің мансап жолын қарапайым аналитиктен бастап аға басқарушыға дейін жеткен. Қайып Айбек Ұлыбританияның Durham University жоғарғы оқу орнының экономика бакалавры, Лондон экономика және саясаттану мектебінде қаржы және есеп магистрі дәрежесіне ие.

Банктің 1 шілде бойынша жеке капиталы 232 миллиард теңгені құрайды.

2020 жылдың сәуір айында S&P Global Ratings "First Heartland Jýsan Bank" АҚ ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "B-" деңгейінен "B" деңгейіне көтерді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін "B" деңгейіне нақтылады. Болжам - "Тұрақты". Банк рейтингі ұлттық шкала бойынша "kzBB" -ден "kzBB +" -ке дейін көтерілді. Бұл банктің өтімділік резервтерін сақтайтындығы мен тәуекелдерді азайтатындығын білдіреді. Сондай-ақ, S&P пандемия кезінде рейтингін көтерген Қазақстандағы жалғыз банк - Jýsan Bank.

Қандай өзгерістер енгізілді?

Ребрендингтен кейін банкте ауқымды өзгерістер жүргізілді, әлі де жүргізіледі. Қазіргі таңда банктің басты мақсаты халықтық банкке айналып, барлық қызметтерді тез әрі оңай көрсетуге негізделген. Сондықтан Jýsan банк ұялы телефондарға арналған арнайы қосымша дайындады. Қосымша арқылы кез-келген қызметті алуға болады, мәселен депозит ашу, төлемдер жүргізу, ақша аудару, сонымен қатар банктің картасына тапсырыс беру, карта дайын болғанда, қолданушыға тегін жеткізіледі. 

Одан бөлек қосымшаға маркет-плэйс Jmart қондырылған. JMart — бұл азық-түліктен бастап, техникаға дейін өнімдерді ең тиімді бағамен таңдап, сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн-платформа. Платформа электроника мен басқа да өнімдердің үлкен таңдауын ұсынады. Ең басты артықшылығы қалаған өніміңізді кредитке, бөліп төлеп сатып, сондай-ақ, кез-келген банктің картасымен төлем жүргізе аласыз.

Біздің ойымыздағы болашақтағы банк бөлімшесінде тіпті адамдар болмайды, тек қана банкомат, автокасса және бірнеше құрылғы. Адам келіп, қажетті қызметін ала алады. Бұл банктегі ұзын-сонар кезектен құтылуға, сонымен қатар қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға септігін тигізеді. 

Банктің дамуы және басқа банктерден айырмашылығы қандай? 

"Қазіргі заманғы банктердің көпшілігі бүгінде цифрлық қызмет көрсету арналарын дамытуға басымдық береді. Алайда, біз алдымызға неғұрлым күрделі және кең міндет қойдық - өз клиенттерімізге цифрлық банкингті ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағы қаржылық және басқа өнімдердің бүкіл экожүйесін құру. Біз өз клиенттерімізге ақшамен ғана емес, сонымен қатар олардың жайлылығы мен әл-ауқатымен байланысты қажеттіліктердің көп бөлігін қанағаттандыруға көмектескіміз келеді. Қазірдің өзінде мобильді "Jýsan" қосымшасын қолдана отырып, кез-келген қазақстандық карта ашып, сақтандыру полисін рәсімдей алады, бағалы қағаздар сатып алады, жабдықтар мен азық-түліктерге тапсырыс бере алады", - дейді банктің басқарушы директоры Қуат Домбай. 

Оның айтуынша, банктің ең басты байлығы адамдардың сенімі, және олардың сенімін ақтау мақсатында банк әрбір қазақстандықты жоғары сапалы қызметтер мен жаңашылдықпен қуантпақшы. 

"Заманауи қазақстандық банкті құра отырып, өткенімізді ұмытпай, болашаққа үмітпен қараймыз. Біз дәстүрлі отбасылық құндылықтарға жақынбыз, біз өз үйіміз - Қазақстанды бағалаймыз және оны жайлы еткіміз келеді. Біз өз клиенттерімізге олар үшін ең маңыздысы - отбасы үшін, өзін-өзі дамыту үшін көбірек уақыт қалдыруға тырысамыз", - деп қорытындылайды Қуат Домбай.

Қазіргі таңдағы банктің ең танымал өнімі?

Қазіргі таңда банктің танымал өнімі ол, әрине мобильді қосымша, өйткені карантин басталған кезде қосымшаны жүктеп алған адамдардың саны күрт артты. Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, себебі карантин кезінде клиенттер үйден шықпай-ақ, мобильді қосымша арқылы керекті қызметтерін алды. Қазақстанның басқа аймақтарында да қолданатын адамдар саны артты. Бұның бәрі қосымшада кредит беру қызметінің қосылғанымен де байланысты болуы мүмкін.  

Талқылау