Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Луинаның “жыртық” шалбарына “ит талаған” деп баға берді

Әнші Луина дене сымбатын көрсетуден еш жасқанбайды. Оның образдары желі оқырмандарының талқысына жиі түседі.

луина 100417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Луина ұзын әрі кең етекті көйлектерді ұнатпайды. Оның таңдауы – қысқа белдемшелер, дене сымбатын барынша айқындап тұратын киімдер және “жыртық” шалбарлар.

Мәселен, әншінің түнгі клубқа киіп барған мына шалбары жұртқа жақпай қалды. Көпшілік аяғын жартылай жалаңаштаған әншіге ұрсып тастады. Олар Луинаның шалбарына “ит талаған” деп ат қойды.

“Мұндай кигенше тыржалаңаш жүре берсейші”, “Баяғыда киім таппай, жыртық жамау кисе күлетінбіз. Енді сол жыртықты өзіміз сатып аламыз. Құдайым-ай, сән деп шешіп тастамасақ болғаны”, “Не сұмдық?”, “Өмір не боп барады, жастар?”, “Бұл сән емес, қайыршылыққа апарар жол”, “Ит талап тастаған сияқты”, “Осыны көріп жастар еліктейді”, “Луина бір күні жапырақ байлап шығатын шығар”, – дейді ашынған желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

“Келін” телехикаясындағы Ананди қазақстандық телехикаяға түсті (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек тағы да ұятқа қалды (фото)

Жұбайларын бейнебаянға түсірген жұлдыздар кімдер? (фото, видео)

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

Талқылау