Жұрт карикатура үшін соттаспақ болған Қыдырәлі Болмановтың шешімін масқаралады
Мұрат Ділмановтың карикатурасы дауға ұласты. Қыдырәлі Болманов суретшіні осы туындысы үшін сотқа бергелі отыр. Алайда желідегілер продюсердің бұл әрекетін үлкен қателікке балады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын суретші Мұрат Ділманов продюсер Қыдырәлі Болмановтың карикатурасын жасады. Аталған карикатураға қатысты сот ісі басталмақ. Бұған Қыдырәлі мырзаның шешімі себеп болып отыр. Ал продюсердің бұл айтқанын орындайтынын ресми қорғаушы Аманбол Әбеуов растады.
Алайда продюсердің бұл шешімі жұртқа ұнаған жоқ. Олар, тіпті, оның бұл әрекетін көргенсіздікке балады. Бірнеше сағат бұрын Мұрат Ділманов отандық басылымдардың біріне шыққан жаңалықтарды бөлісті. Аталған жаңалықта Қыдырәлінің сотқа шағымданатыны туралы жазылған болатын. Жазбасының тұсына суретші “Шоу енді басталатын сияқты. Жаңалықтарды бақылап отырыңыздар” деп жазған-ды.
Ал суретшіні қорғауға кіріскен желі қолданушыларының пікірі мынадай. “Бәлкім мен де сотқа арыздануым керек шығар? Суреттегі азамат маған ұқсайды”, “Қорғаушының өзіне мін тағу керек. Себебі суретте ешкімнің есімі жазылмаған”, “Бұл оның құтқаруға орай ұйымдастырылған кезекті науқаны ғой”, “Болманов өзін өзі ыңғайыссыз жағдайға қалдырды. “Время” басылымына берген мақаласында Отанын қорғау үшін тоқал туралы әңгіменің шетін шығардым деп айтпауы тиіс еді! Бұл ақымақ әрі күлкілі әрекет болды. Бір қателікке екінші рет ұрынуға кеңес бермейтін едім. Беделінен айырылады. Талантты музыкашы ақылды адам деген сөз емес”, “Болмановтың өзі әйелі мен тоқалы туралы айтып кеудесін қақты ғой. Бұл мәселе енді көпке дейін айтылатын болады. Өзі бірінші болып бастап алып, артынша жағымсыз сөздер айтады. Керісінше суретші оны сотқа беруі керек. Себебі, ол ел үшін маңызды кезеңде дәл осындай арзан қойылым қойды” дейді желі қолданушылары.
Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйлеген желі қолданушылары да бар. Олар өз кезектерінде продюсердің бұл әрекетін дұрысқа балап, суретшіден өз туындысы үшін жауап беруді талап еткен. “Бар мәселе кеудесіндегі “К” әрпінде болып тұр. Осылайша барлығы суретшінің не айтпақ болғанын түсініп қойды. Эзоп бола алмайды екенсің, олай болса сөзіңе жауап бер” дейді желі қолданушыларының бірі.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)
Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Аша Матай жаңа істі қолға алды