Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылған карикатура авторын сотқа бермек

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылған карикатура авторы, суретші Мұрат Ділмановты сотқа бермек. Танымал продюсер суретшінің ел алдында өзінен кешірім сұрауын талап етіп отыр.

болманов ділманов

Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына Болмановтың өкілі, заңгер Аманбол Әбеуов хабарлаған.

Мұрат Ділманов салған суретте ер адам төсектің шеткі жағында отыр, ал оның жанындағы әйел жалаңаш күйде теріс қарап жатыр. Бұл ретте суреттегі адамның Қыдырәлі Болманов екені еш жерде атап көрсетілмеген. Десе де қорғаушы Әбеуов сот арқылы моральдық өтемақы талап етпек.

8a15414ba88f55eeb948f44aacb965a6

“Бұл карикатура авторын сотқа беруге негіз жетерлік және ол ой қорлау мәнінде жасалған. Суреттегі адамның Қыдырәлі екені арнайы мамандардың көмегіне жүгінбесек те түсінікті. Десе де мен аталған карикатураны сарапшыларға жібердім. Суретте Қыдырәлінің артында әйел адам жатыр. Біздің болжауымыз бойынша, ол Қарақат. Бұл да ар-намысқа сызат түсіретін нәрсе. Бұл жағдайда олардың балаларына моральдық тұрғыдан ауыр тиді деп айта аламыз, олардың аналары жалаңаш жатыр. Қарақат емес басқа әйел болған жағдайдың өзінде автор Қыдырәліні ашынасымен бірге бейнелеп отыр. Бұл дегеніңіз жеке өмірге қол сұғу. Біз суретшіден осы суретті жариялаған алаңда мұны жоққа шығаруды және кешірім сұрауын талап етеміз. Сонымен қатар, осы суретті Желіде жариялағандарға сотқа дейінгі шағым түсірдім, көбісі өшіріп жатыр”, – деді заңгер.

Алайда продюсердің қорғаушысы моральдық өтемақы ретінде қанша ақша талап ететінін айтқан жоқ. Оның сөзіне қарағанда, ол бірнеше факторға байланысты болады.

Егер мамандар карикатураны қорлау деп дәлелдесе, сонымен қатар, суретте Қыдырәлі мен әйелі бейнеленгенін анықтаса, сома еселеп көбейгелі тұр екен. Мұнымен қатар, шағымда сарапшыларды жалдауға жұмсалған қаражат та есепке алынады.

Әбеуовтің айтуынша, карикатурада ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабын (“Өз бейнесiне құқық”) бұзуға бағытталған әрекет бар. Сондай-ақ, карикатурадағы мән-мағына ҚР Конституциясының 18-бабын (“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар”) бұзады делінеді.

Қорғаушысы Қыдырәлі Болмановты бүгінгінің батыры әрі ағартушысы санайтынын тілге тиек етті. Бұл ретте Әбеуов әлдебіреулердің продюсердің атын қаралағысы келеді деп есептейді. Оның пікірінше, Ділманов продюсерді жағымсыз қырынан көрсеткен.

«Қыдырәлі мен оның отбасымен ұзақ жылдардан бері таныс адам ретінде айтарым бар. Ол біздің заманымыздың қаҺарманы. Оның әрекетінен, жеке басынан және мінезінен өз халқына бей-жай қарай алмайтын батыр мен ақынның, ағартушының белгілерін көремін. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен карикатураға қатысты Қыдырәлінің заңгері әрі заңды өкілі ретінде авторға айтарым – ол ойланбастан және асығыс қадам жасады әрі осы арқылы ҚР заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деп атап өтті Әбеуов.

Қыдырәлі Болмановтың өзі суретшімен кездесуге дайын әрі келіссөз жүргізгісі келетінін айтты.

Есесіне карикатурашы Мұрат Ділмановтың кешірім сұрайтын ойы жоқ.

“Мен суреттің өзінен де, оның мәтінінен де ар-намысты қорлайтын дүние көріп тұрған жоқпын. Заңдық тұрғыдан алғанда ол кез келген нәрсеге қорлана алады, алайда алдымен суреттегі адамның өзі екенін және моральдық тұрғыдан зардап шеккенін дәлелдеуі қажет. Сондықтан егер де ол (Қыдырәлі Болманов) қалдырылған пікірлер емес, карикатураның өзі ар-намысына сызат түсірді деп есептесе, сотта дәлелдесін. Ал менің кешірім сұрайтын ойым жоқ”, – деп пікір білдірді карикатура авторы.

Сөз соңында Ділманов Болмановтың өкілдері хабарласпағанын айтып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауап берді

Жәния Джуринская Криштиану Роналдудың өзіне қызмет көрсеткенін айтып мақтанды (фото)

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау