Бойжеткен 800 мың теңге жалақы алатын күйеужігітін «кедей» деп тастап кетті
Желіде Мәскеудегі «Ведогонь» театры актрисасының жазбасы жарияланды. Онда актриса 150 мың рубль жалақы алатын жігітті қажет етпейтінін жазған.
Татьяна Мазур 2015 жылдың соңында өзіне ұсыныс жасаған жігіт туралы айтып берді. Оның айтуынша, жас жігіт оған үй салып беруге, болашақ балалары үшін күтуші жалдауға, жылына екі рет шетелде демалуға уәде берген. Алайда, оның жалақысы ондай шығындарды ақтай алмайды екен.
«150 мың рубльді естігенде отырып алып жыладым. Бала күтушің бар, ипотека, спорт, маникюр жасату, коммуналды төлемақының өзі қанша тұрады, аңшылыққы шығу керек, мейрамханаға бару екерек, демалысқа шығу керек. Оған қалай жеткіземіз. Біз кедейміз», – деп жазады ол.
Осы жазбасынан соң ол елдің дауына қалды. Көпшілік сол ақшаны оның өзінің еңбектеніп табуы керегін жазды.
«Сонда мен пәтер үшін, жылыны екі рет шығатын демалысым үшін, көлігім үшін, фитнес пен маникюр үшін өзім ақша табуым керек пе?», – дейді актриса.
«Мұндай пайдакүнемдерден аулақ жүру керек. Мойныңа мініп алып, қаныңды ішеді», – деп жазады желі қолданушысы. Кейбірі актрисаны жақтап, оны айтқандарын дұрыс көрді.
«Ешкімді тыңдамаңыз. Сізге жақсы жігіт жолығуын тілеймін», – деп жазады қолданушылардың бірі. Кейіннен актриса жағымсыз пікірлерді өшіріп тастады.
«Жағымсыз пікірлерімен төндіріп жатыр. Және солардың көпшілігі ер жігіттер. Олар үшін 150 мың рубль көп ақша екен. Байғұстар», – деп жазады Татьяна Мазур.
Жіберіп алмаңыз:
Анастасия Волочкова Астана-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалып қойды
Үндістанда қарапайым есепті шығара алмаған күйеуін менсінбеген келін той үстінде кетіп қалды