Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт 7 жылға сотталған Жаманқұловты тойдан көргенде қуанып қалды (видео)

Сәкен Майғазиевпен бірге дуэт айтып, клип түсірген жас әнші Әсет Есжан отау құрды. Күні кеше Алматыда Әсет пен Әзизаның үйлену тойы дүркіретіп тойланды. Өнердегі інісін құттықтап келген Сәкен Майғазиев “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” әнін орындап, той қонақтарына вальс билеу мүмкіндігін сыйлады, деп жазады Stan.kz.

жаманкулов той

Майғазиев жариялаған видеодан тойдан Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен белгілі тележүргізуші Рахман Омарды байқап қалдық. Өз кезегінде жұрт шартты түрде сотталған Жаманқұловты көріп, қуанып қалғандарын жарыса жазып жатыр.

“Тұңғышбай ағаны көріп қуанып қалдым. Аға, сізге жала жабылғанын білеміз. Аман болыңыз, бір Алла жар болсын”, “Тұңғышбай аға бар екен ғой, аға аман болыңыз әрқашан”, “Тұңғышбай ағаның күлкісін көріп, қуанып қалдық қой”, “Ура, Тұңғышбай аға, жан ағағ ортамызға қош келдіңіз”, “Тұңғышбай аға аман жүріңіз көріп қуанып жатырмыз, мұсылманға болмасын деген оңбасын деген бар творчестволық табыс бауырыңыз бүтін жаладан аман жүріңіз менің ең сүйікті актерім”, “Тұңғышбай аға, сізді көріп төбем көкке жетті аман болыңыз! Деніңіз сау болсын! Бəрібір аққа құдай жақ қой!” – бұл  Жаманқұловқа пікір білдірген желідегілердің бір тобы ғана.

Айта кетейік, 2017 жылдың маусым айында Халық әртісі бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айыппен 7 жылға шартты түрде сотталған болатын. Рақымшылық туралы заңға байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе – 3,5 жылға дейін қысқартылды. Жаза шартты деп танылғандықтан, актер сот залынан босатылған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың әнін шырқаған бүлдіршін желі “жұлдызына” айналды (видео)

Ел күтпеген жаңалық: Дәурен мен Ақбота айырылысып тынды

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның жабылуында Елбасымен бірге сахнаға шықты (фото, видео)

Ұрыс-керіс шаршатты: Бір топ көрермен Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жауып тастауды ұсынды (фото)

 

Талқылау