Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман: "Осы аурудан өлем білем"

Еуропаға сырқатына ем іздеп барған ақын Жүрсін Ерман ауруханада жатып, жұбайына өлең оқыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазба ақынның Instagram-дағы парақшасында жарияланды. 

“Жамкенжан, осы аурудан өлем білем,

Алланың аманатын берем білем.

Кеудемнен көкала үйрек "қош" деп ұшты,

Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем”, – деді Жүрсін Ерман “Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуынан” үзінді келтіріп. 

Ақынның жары Бақытжамал оның бұл сөзіне ашуланғандай болды. Бейнежазбадан оның да көзіне жас алғанын көруге болады.

 

 

Бұған дейін ақынның шетелдік құдасымен түскен суретін жариялағаны туралы жазған болатынбыз.

Айым Болатқызы
Жұма, 13 Қаңтар, 2023 13:16
Талқылау