Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистерге шабуыл: 30 қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған 30-дан аса азаматқа қылмыстық іс қозғалғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар", - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін журналистердің  сауалына жауап бере отырып. 

Ішкі істер министрі тергеудің басталғанын және қандай да бір мән-жай анықталса ақпарат берілетінін айтты. 

“Тиісті ақпаратты біздің ресми тұлғалар беріп жатыр. Барлық дерек бойынша процессуалды тұлғалар – жәбірленушілер бар. Олар тергеуге белсенді қатысып жатыр. Күдіктілермен бетпе-бет жүздесу болды. Әріптестеріңіз  бұл процеске қызығушылық танытып отыр. Олардың процессуалды мәртебесі бар, әрі сұрақтар қоя алады, іске белсенді қатыса алады, белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу үшін өтініш жасай алады. Бүгінде тергеу басталды”,- деді Марат Ахметжанов. 

Талқылау