Журналист Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды
2022 жылдың желтоқсанында қамауға алынған журналист Михаил Козачков тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Вадим Борейко өз Telegram-арнасында мәлімдеді.
"Жаңа ғана құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен сөйлестім. Ол журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпас шарасының өзгергенін мәлімдеді. Оны (Михаил Козачковты ред.) СИ-18 тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырыпты", – деп жазды ол.
Еске салайық, былтыр 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған болатын.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"