Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Мақсат Толықбай: Эфирді екі түрлі аяқ киім киіп жүргізіппін 

Тележүргізуші, журналист Мақсат Толықбай карантин кезіндегі қызықтырды еске алды. Карантинде бойындағы таланты ашылып, өзіне пайдасы тигенін айтады. Одан бөлек телевизия мен интернеттегі ақпараттың айырмашылығын сөз етті.

Бұл туралы Ниет тележобасында айтылды. 

Мақсат Толықбай карантин уақытында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударған. Жұмысының ауысуына байланысты бас қалаға жалғыз келгенін айтады. 

"Өзім астанаға келіп, отбасым Алматыда қалды. Карантинге қаланы жапқандықтан, 40 күн бойы өзім пәтерде тұрдым. Қырық күн жалғыз қалған адамда не қызық болсын? Бұл уақытта тамақ жасап үйрендім. Одан бөлек гитарада ойнап үйрендім. Бойымда талантым ашылып, елдерге пародия салатын болдым. Карантинде, адам өзімен-өзі қалғанда небір таланты ашылады екен. Мен енді аш қалмайтын болдым. Бастысы тамақ жасап көрдім",- деді журналист. 

Бұған дейін жаңалықтар жүргізіп келген Мақсат Толықбай "Ашық алаң" бағдарламасын тізгінге алды. Журналист эфирде болған қызықты оқиғасын айта кетті. 

"Адам жалғыз жүрген соң өзіне қарамайды екен. Мен дүкенге киіп барып келіп жүрген аяқ киімімді киіп, эфирге шыққанмын. Эфирден соң қарасам, аяғымде екі түрлі аяқ киім. Әлеуметтік парақшамда осы оқиғаны айтып, оқырмандарымды күлкіге қарық қылған едім", - деді ол.

Бұны естіген журналистер, бағдарлама жүргізушісі мен қонақтары ду күлісті. 

Мақсат Толықбай интернет пен телевизияның айырмашылығын айтты. Әлеуеттік желі көрермен үшін ыңғайлы болғанымен, нақты ақпаратты телеарна береді дейді. 

"Әлеуметтік желі көрермен үшін тиімді. Елдің бәрі белгілі бір уақытта теледидар алдында отыра алмайды. Кейін бағдарламаның толық нұсқасын желіден көре алады. Өзі бос кезде қарай алады. Сол жағынан тиімді. Дегенмен нақты ақпарат деп қабылдамауы мүмкін. Мәселен, желіде жазылған ақпараттың шын-өтірігіне сенбейді. Бәрібір теледидардан жаңалық күтіп отырады. Телевизияға деген сенім басым",- деді тележүргізуші. 


"Коронавирустың көкесі енді келді": Тележүргізуші науқастардың аурухана дәліздерінде жатқанын айтты (видео)


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 15:53
Талқылау