Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: Түркістан облысында 15 жастағы қызды 30 жастағы мүгедек жанға күштеп алып қашқан

Журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облысындағы басссыздықтар жайлы айтты. Оның пікірінше, Ордабасы ауданында жас қыздарды еркінсіз алып қашу әдетке айналған. Оған куә жандар жетерлік. 

Гүлмира Әбіқай Түркістан облысында 15 жастағы қызды 33 жастағы мүгедек жігітке алып қашып әкелгенін айтты. Қыз өз еркімен келмесе де, сол үйде келін болып жүр.

"Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны маған хат жазды. Көршісінің 15 жастағы үрімдей қызды алып қашып алғанын айтты. Кәмілетке толмаған қызды арбаға таңылған мүгедек ұлына әйел етіп алған. Ол өз еркінсіз келсе де, келін болуға көнген. Баламның кірін жуғанға жақсы болды деп жүр анасы. Қыздың әкесі жоқ, анасы өзгеге күйеуге тигендіктін қорғаны жоқ екенін пайдаланып тұр дейді көршісі. Өзімнің де үш қызым бар. Жас келінге жаным ашып, сізге жаздым" деп жазды көршісі", - деді журналист.

Оның айтуынша, бұл аймақ заңды белден басып, өз білгенін істеп отыр. Ал басшылық қайда қараған?

"Жас қыз өзі көрмеген мүгедек жігітке тұрмысқа шыққан. Кәмелет жасқа толмаған қызбен жақындасу  - қылмыс. Сонда облыстағы Ордабасы ауданы қайда қарап отыр? Бұларда заң бар ма? Заңға қарайтын адам жоқ па? Органдар қайда? Ауылдың ақсақалдары қайда? Жас қыздың тағдыры ешкімді алаңдатпай ма?", - деді Гүлмира Әбіқай парақшасында. 

Желі қолданушылары облыста мұндай жайттар жиі кездесетінін айтады. Алып қашу дәстүрі әлі де сақталған деген пікірде. 

Талқылау