Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Журналист Асхат Садырбай Көкшетау қаласындағы жерлеу рәсіміне қатысты шешімді қолдайтынын айтты.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық “Ел бірлігі” қоғамдық кеңесі, облыстық Науан хазірет мешінің бірлескен шешімімен “Жаназа және жерлеу рәсімдері” туралы пәтуа жарияланған. Асхат Садырбай осыған қатысты пікірін желідегі парақшасында жазды.

“Бұл шешімді қос қолдап қолдаймын. Қара жамылып, қайғырып отырған отбасы дүние салған жақынын жоқтап, құран бағыштаудың орнына дастарxанның мәселесімен миы айналып кетеді.

Білуімше мұсылман мемлекеттердің көбінде марқұмды жерлейтін күні мәйіт шығатын үй қазан көтеріп, ас бермейді. Ертеректе атам қазақ та сөйткен. Жамағат жаназа намазға келеді, сосын жерлеуге қатысып, құрандарын бағыштап қайтады.

Бізде соңғы жылдары той мен жаназаның дастарxаны жарысып кетті. Әркімнен көргенімізді істеп жерлеу рәсімін де өзгертіп жібердік. Мынау бастама дұрыс қолға алыныпты. Бірте-бірте жөнге келерміз.

Сосын мәйіт шығатын үйдің ас бермеуі керектігіне қатысты тағы да бір өте маңызды (ғылыми да шариғи да) ақпараттар бар. Оны кейінірек жазармын”, – деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз:

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Талқылау