Жүріп келе жатқан көліктен өрт шықса не істеу керек – ТЖМ кеңес берді
Төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүріп келе жатып, өртенген жағдайда не істеу керек екені жайлы кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Нdpic.club
Құтқарушылар бірінші кезекте жүргізушілер мен жолаушыларға үрейленбеуге және сабыр сақтауға кеңес береді.
"Көліктен түсіп, жолаушыларды түсіріп, кемінде 10 метр қашықтыққа кеткеніне көз жеткізіңіз", –деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Егер өрт кішкентай болса және әлі жану сатысында болса, өрт сөндіргішті пайдаланып, өртті өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Бастысы – капоттың қақпағын көтермеңіз.
Көліктің іші өртеген кезде терезелер мен есіктерді ашпаңыз. Оттегінің жетіспеушілігінен жалын сөніп, бәсеңдеуі мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"