Жүргізушілердің бірі мас күйде болған: Талдықорғанда жол апатынан 4 жасар бала қаза тапты
Талдықорғанда үш бірдей автокөлік жол апатына ұшырап, 4 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser автокөліктерінің қатысуымен болған. Полиция дерегінше, соқтығысқан көліктердің бірінің ішінде 4 жасар бала болған. Ол апат салдарынан қаза тапты
Апаттан 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы зардап шекті, олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
Медициналық куәландыруға сәйкес неміс шетелдік көлігінің жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"