Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Алматыда Volkswagen бағанға соғылып, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Алматыда Volkswagen автокөлігі бағанға соғылып, темір-терсекке айналған. Ауыр жол апаты 24 тамыз таң ата орын алды. 

Қаладағы Райымбек және Емцов көшелерінің қиылысқан жерінде соқтығыс болған. Түсініксіз себептермен Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, түзу келе жатқан жерінде бағанаға соғылған. 

Қатты жарақаттардан 1994 жылғы көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Volkswagen көлігінде отырған тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Талқылау