Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін сатқан: Шымкентте заңсыз жолмен құжат жасаған дәрежелі полицейлер сотталды

Шымкентте жүргізуші куәлігін ақшаға сатып, оны заңсыз таратқан беделді тәртіп сақшылары сот алдынан бір-ақ шықты. Барлығын қосқанда 38 азамат қылмыстық жолмен куәлік рәсімдеумен айналысқан көрінеді. Олардың 26-сы бұрын полиция қызметін атқарған адамдар екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда олар заңсыз түрде 144 көлік жүргізуші құжатын жасағаны анықталып, бұл құжаттардың барлығының дерлік күші жойылған. Мұнымен қоса полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен 330-дан астам автокөлікке құжат жасап берген. Оның ішінде жеңілден бөлек, ауыр авткөліктер де бар көрінеді. Бұл көліктердің бірі жол апатына түсіп, жарамдылығынан айырылса, кейбіреулері сырт мемлекеттерге кетіп қалған. Полиция қызметкерлерінен бөлек заңсыз құжат рәсімдеумен тіркеу-емтихан бөлімінде отыратын адамдардың айналысқандығы да анықталған. 

Атап өту керек, кейбір көліктердің құжаттарын істен шығару мүмкін болмапты, себебі олар қолдан-қолға бірнеше рет ауысып үлгеріліпті.

Бүгінгі күні бұл іске қатысы бар қызметкерлердің барлығының әртүрлі мерзімге бас бостандығына шектеу қойылып, өмір бойы мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқару және дәрежелі атақтар алу құқығынан айырылды. 
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қараша, 2019 12:28
Талқылау