Жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, көлік басқаратын қазақстандықтарға жаза қатаңдатылады
Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, рөлге отыратын азаматтарға жаза күшейтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Рixabay.com
Алматы полициясының мәліметінше, жүргізуші куәлігі жоқ немесе куәлігін алмаған азаматтар ішімдік ішіп, рөлге отырса қатаң жазаланады. Егер ол мәжбүрлі медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда ереже бұзған азамат құжат алу үшін жеті жылға дейін емтиханға кіргізілмейді.
Ішкі істер министрлігі Ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Әлекешовтің айтуынша, заң бұзғандар енді қатаң жазаланады.
“Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін азамат заң бойынша 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Мас күйінде заң бұзып қайта көлік басқарса 10 жылға бас бостандығынан айыру дәне жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыр жазасы қарастырылған. Жыл басынан осылай ереже бұзған 227 адам анықталды. Олардың көпшілігі бұрын сотталған болып шықты”, – дейді Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін заң бойынша 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. Мас күйінде көлікті қайталап жүргізу жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырумен және 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жыл басынан бері мұндай 227 адам анықталды, олардың көпшілігі бұрын сотталған.
Сондай-ақ енді жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде ережені қайта бұзған жүргізушілер 221 мың теңге төлейді. Ал күндіз көліктің жарығын жақпаған азаматтардың керісінше, жазасы жеңілдейді. Енді тәртіп сақшылары оларға алғашында ескерту жасаумен шектеледі. Ал оны елемегендер айыппұл арқалайды. Бұл өзгерістерді көпшілік қолдап отыр.
“Менің ойымша, күндіз фарларды жағуды ұмытып кеткендерге алдымен ескерту жасаған дұрыс. Өйткені оның аса бір жол қауіпсіздігіне кедергісі жоқ. Сондай-ақ жылдамдықты асырғандарға айыппұлды арттырған дұрыс. Соның кесірінен жол апаты да, адам өлімі де көп”, “Жолда керек. Өйткені көрінбейді Алыстан келе жатқан машина күндіз де көрінбей қалуы мүмкін. Ал қаланың ішінде жарықтың аса қажеті жоқ деп ойлаймын”, “Жарық жағу керек. Қыста күндіз бұлыңғыр, көру мүмкіндігі төмен болады. Ал кеш батқанда міндетті түрде жарық жағу керек”, – дейді тұрғындар.
Бұған дейін Қазақстанда мопедтерге қатысты заңның күшіне енуіне байланысты қала ішіндегі жеткізу қызметі қымбаттайтыны туралы жазған едік.