Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші куәлігі жоқ: Ақтөбеде үш бірдей адамның өмірін қиған жол апаты болды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 тамызда шамамен сағат 18:40-та Темір ауданының тұрғыны, Opel Vectra автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Ақтөбе - Богословка автожолымен Сазды ауылынан Строитель-1 автобус аялдамасына қарама-қарсы Ақтөбе бағытында келе жатқан кезде жолға шығып, соның салдарынан Toyota Camry-мен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Vectra автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды.

Toyota Camry автокөлігінің төрт жолаушысы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Оның 2019 жылы ӘҚБтК-нің 608 - бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылғаны, алкогольге қан алынғаны және химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалғаны белгілі болды", - деп хабарлады полициядан.

Жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тергеліп жатыр. Сараптама жүргізілуде.

Талқылау