Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегіне пышақ сұққан": Екібастұзда бойжеткен сүйіктісін көшеде өлтіріп қойды

бойжеткен сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп алды

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Екібастұзда бойжеткен азаматтық жұбайын жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде Екібастұзда болған адам өлтіру оқиғасы туралы ақпарат тарады. "Экибас в теме" Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 28 қазанда "Әсет" дүкенінің маңында болған. Жанжал кезінде қыз азаматтық жұбайын жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. 

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде:

бойжеткен сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп алды

Фото: Видео кадрларынан

"Адам өлтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеудің мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау. Күдікті анықталып, ұсталды және Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.



Полицияның мәліметінше, барлық қажетті тергеу шаралары заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 16:50
Талқылау