Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзбен ренжіткен": Жахан Отарғалиев бұрын менсінбей кеткен қыздардың кинодан кейін қайта жаза бастағанын айтты

Жахан Отарғалиев неге қыздардың өзін түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «The Эфир» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір рет отбасын құрып, әйелінен ажырасып кеткен Жахан Отарғалиев қыздар бір рет отбасын құрғансың деп сөгеді дейді.  Қыздардың осы тақырыпқа сөз қозғауы жүрегіне тиетін көрінеді.

"Бір қыздың айтқаны жүрегіме қатты тиді. «Сен ажырасып кеткенсің. Мен әке-шешеме ажырасқан еркекке шығып жатырмын деп қалай айтамын» деп сөзбен ренжітіп қойған кездері болды. Кәдімгідей жүрегіме қабылдап қалдым. Бірақ, мына кино шыққаннан кейін, солардың бәрі жазды", - дейді актер.

Жахан Отарғалиев анасының да босқа жүрмей өзіне жар іздеп жүргенін жасырмады. Алайда ол өзінен әлдеқайда кіші қызға үйленгісі келетінін айтты.

"Жақында анам хабарласып, "Менің жұмысымда бір қыз бар, қолынан келмейтіні жоқ. Тіпті күндіз-түні сені инстаграмнан қарайды да отырады, сені әкеліп көрсетеді маған, ене-ене деп қояды. Ана ешқашан баласына жаман болсын демейді" деп 1984 жылғы қызды айтып отыр", - деп күлді Жахан Отарғалиев.

Талқылау